Түркістанда уран өндірісіндегі ынтымақтастық талқыланды

0
185

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Францияның жетекші «Orano» компаниялар тобының президенті Николя Маспен кездесті. Басқосуға  француз делегациясының өзге де  мүшелері  қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімі   өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен экономикалық әлеуетіне  кеңінен тоқталып, шетелдік инвесторлар үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлар жөнінде баяндады. Әсіресе, уран өндіру саласындағы халықаралық серіктестіктің маңыздылығы атап өтті. Франциялық тарап та бұл ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді. Өз сөзінде  Николя Мас Созақ ауданында табиғи уран өндіретін «KATKO» бірлескен кәсіпорнының жаңа басшысы Закариа Эл Марзукиді таныстырды.

Өңір басшысы  жаңа тағайындалған басшыға сәттілік тілей отырып, Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды қолға алуға шақырды. Сондай-ақ,  ол ауданның инвестициялық мүмкіндіктері мен экономикалық әлеуетін кеңінен атап өтті. Созақ – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салалары бойынша үлкен әлеуетке ие өңір. Бұл аймақта заманауи технологияларды енгізу арқылы өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бар. Ауданның стратегиялық орналасуы мен инфрақұрылымдық дамуы инвесторлар үшін тартымды болып табылады. Әкім өңірдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жаңа әлеуметтік жобалар мен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударуды тапсырды.

Сонымен қатар, кездесу соңында  2022  жылдан бері «KATKO» компаниясын басқарған Бастьен Паскальға атқарған қызметі үшін алғысын  білдіріп, жаңа қызметіне табыс тіледі. Енді Бастьен Паскаль  «Orano Canada Inc.» компаниясын басқаратын болады.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу