Түркістан облысында тұрғындарға құқықтық сауаттылық түсіндірілуде

0
15

Түркістан облысы тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық іс-шара басталды. 1-қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қала аумағында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұл шара құқықбұзушылықтардың алдын алып, полиция мен азаматтардың арасындағы сенімді нығайтуға  бағытталған.

Профилактикалық шара барысында учаскелік полицей инспекторлары, әрбір үйге барып, тұрғындармен жеке сөйлесті. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  салдары мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Әр отбасыға құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары кеңінен баяндалды. Бұл түсіндіру жұмыстары құқықтық мәдениетті көтеруге ықпал етпек.

–«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Түркістан қаласының аумағында 1 қыркүйек және 1 қараша күндері  аралығында Учаскелік іс-шарасы жүргізілуде. Бұл шараның мақсаты – әкімшілік аумақтағы тұрғындарға интернет алаяқтық бойынша ескерту жұмыстарын түсіндіру. Себебі қазіргі таңда біздің Түркістан қаласының аумағында көптеген азаматтар интернет алаяқтыққа алдану боп жатыр.  Сол себепті әрбір азаматқа жеке жеке үйлерін аралап, интернет алаяқтық бойынша ескерту жүргізіп жатыр. Сонымен қатар  «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық  іс-шарасы бойынша Қарасора қылмыстарының алдын алу жұмыстар жүріп жатыр, –  дейді Түркістан қалалық учаскелік полиция инспекторы Алиасқар Бугабаев.

Сонымен қатар учаскелік полиция тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелерін шешуге қатысты байланыс орнатты. Қала тұрғындары өз сұрақтарын қойып, қажетті кеңестер  алды. Мұндай ашықтық  диалог азаматтардың сенімділігін арттырып, қоғамдағы тұрақтылыққа үлес қоспақ. Бұл жұмыс полиция мен халықтың өзара қарым-қатынасын  жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

«Учаскелік» акциясы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.  Жоспар  бойынша шаралар арқылы  құқықбұзушылықтардың алдын алуы күшейіп, қоғамдық тәртіп нығая түседі. Полицияның мұндай қадамдары – қаладағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бастама – Түркістандағы әлеуметтік тұрақтылықтың  кепілі болмақ.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу