Түркістан облысының экономикалық әлеуеті қарқынды дамуда

0
28

Түркістан облысының экономикалық және әлеуметтік жағдайы жыл сайын тұрақты өсім көрсетуде. Инфрақұрылым жаңарып, жаңа жұмыс орындары ашылуда, инвестиция көлемі артып келеді. Жаңа кәсіпорындар іске қосылып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары дамып жатыр.  Соның ішінде, білім, медицина және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде.  Жолдар жөнделіп, тұрғын үй құрылысы қарқын алды.  Соңғы жылдары Кентау қаласының экономикалық әлеуеті артып келеді. Кентау қаласы – Түркістан облысындағы индустриалды даму қарқыны жоғары, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда айтарлықтай серпін алған қалалардың бірі. Соңғы жылдары қалада кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инфрақұрылым бағыттарында ауқымды жобалар жүзеге асып, өңірдің экономикалық әлеуеті арта түсті.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде қалада шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Индустриалды аймақтарда жаңа өндіріс орындары ашылып, инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, электротехника, құрылыс материалдары және жеңіл өнеркәсіп салаларында бірнеше жаңа зауыт іске қосылып, жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындары ашылуда.

Сонымен қатар, қалада инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Жол жөндеу, абаттандыру, ауыз су және кәріз жүйелерін жаңарту жұмыстары қаланың тіршілігін жақсартып, халықтың өмір сүру сапасын арттырып отыр. Білім беру мен денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай жетістіктер бар – жаңа мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер пайдалануға берілуде.

Атқарылған жұмыстарға толығырақ тоқтала кетер болсақ:

Электр қуатымен қамтамасыз ету

Қаланы жарықпен қамтамасыз етіп отырған екі ірі нысан –  220 кВ-тық «Кентау» және «Мырғалымсай» қосалқы станциялары. Аталған нысандар «KEGOC» АҚ теңгерімінде. «Мырғалымсай» қосалқы станциясының тозу деңгейі – 90%, ал «Кентау» станциясында бұл көрсеткіш – 68%.

2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Кентау электр желілері тарапынан бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:

2025 жылы 2 ірі қосалқы станцияда және жалпы ұзындығы 8,289 шқ. болатын 6 кВ кернеулі әуе электр желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 4 дана КТПН-10/6/0,4кВ трансформаторлық қосалқы станцияларын қайта жаңғырту жоспарланса, оның                2 данасы қайта жаңғыртудан өтті.

Сондай ақ, 312 дана ағаш бағаналар, ұзындығы 9,380 шқ. болатын 0,4 кВ әуе электр желілері СИП (өздігінен изоляцияланған сымдар) кабельдері арқылы жаңартылатын болады.

Жарықтандыру

Қала көшелерін жарықтандыруы 98% құрайды, түнгі мезгілде қала көшелері тұрақты түрде жарықтандырылуда.

Кентау қаласының 254 көшесінде 3610 дана, 331 көпқабатты тұрғын үй аулаларында 680 дана жарық шамдар орналасқан.

Қаланың Оңтүстік аумағындағы жаңа мөлтек ауданға электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп, 47 жарықшамдары  және   1 трансформатор  орнатылды. Жоба құны – 285,1 млн. тг. құрайды.

Құрылыс саласы бойынша

Ағымды  жылдың шілде айында 5 қабатты 60 пәтерлі әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді (Уалиханов көшесі №150) тапсыру жоспарлануда. Кентау қаласы Ш.Уәлиханов көшесі №154, 158 мекенжайда инвестор  «РМ-Снабсервис» ЖШС күшімен 3 қабатты 30 пәтерлі   2 тұрғын үй құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Облыстық кредиттік бағдарламасы аясында 60 пәтер сатып алуға 894,1 млн. теңге бөлінген (қажетті қаржы көлемі 41,9 млн.теңгені құрайды).

Облыстық кредиттік бағдарламасы аясында 60 пәтер сатып алуға 894,1 млн. теңге бөлінген (қажетті қаржы көлемі 41,9 млн.теңгені құрайды).

2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарнақ ауылындағы 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталған. Қазіргі таңда шатырдың темір фермаларын дәнекерлеу және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2026 жылға өтпелі.

«Өтеұлы Әбдірахман» ЖШС жеке инвестор есебінен Мектеп құрылысы жобасын бастау жоспарлануда. Жоба құны 600 млн. теңгені құрайтын мектеп 1000 оқушыға арналған.

2025-2026 жылдары іске асыру жоспарланған. Нысанға жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй қорын жаңарту (Модернизация)

Кентау қаласы бойынша 383 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде қала аумағында – 324, ауылдарда – 34, коммуналдық меншіктегі – 19, апатты үйлер – 6  үй.  Бүгінгі таңға 7,41 млрд теңгеге 288 көпқабатты тұрғын үй толығымен жаңғыртылды.

2024 жылы 1,7 млрд теңге қаржы бөлініп, 38 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Жолдар

Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда жалпы  365 шқ. құрайтын 416 көше бар. 2024 жылдың қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 87,7%-ға жетті. 2025 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткішті 90,0%-ға жеткізу жоспарлануда.

2025 жылы 798 млн. теңгеге жалпы 17 нысанға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, бүгінгі таңға       7 нысанның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып пайдалануға берілді, 3 нысаның жөндеу жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал, 7 нысан 2026 жылға өтпелі.  Нақтырақ айтсақ,  «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 8,8 шқ құрайтын 10 нысанға орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. 3,65 шқ құрайтын 5 нысан жұмыстары аяқталған. 5 нысан 2026 жылға өтпелі. Одан бөлек Кентау қаласындағы 8,6 шқ құрайтын 7 нысанның, 2 шқ құрайтын 2 нысанының құрылыс жұмыстары аяқталды. 4,3 шқ құрайтын 3 нысан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2 нысан 2026 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, Д.Қонаев даңғылын (2350 метр) реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге 200 млн. теңге бөлініп (жоба құны – 2,4 млрд.теңге), мердігер мекеме анықталды («СтройЖолСервис KZ» ЖШС). Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда.

Өзекті мәселенің бірі көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын жөндеу  мәселесі шешімін табуда. 5 көпқабатты тұрғын үй аулаларына  орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Абаттандыру жұмыстарына тоқталар болсақ, 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 171,0 млн. теңгеге  8 көпқабатты тұрғын үй аулаларына спорт және ойын алаңшалары орнатылатын болады.

Қала аумағында ирригациялық (суағар) жүйелерін орнату. Жобаға сәйкес, қала аумағындағы 18 көшеге ирригациялық арық (лоток) орнату жұмыстары жүргізілді. Жоба құны – 61 млн.теңге.

Қаладағы  Тұлпар – 2030 мекемесі 11 бағытта 34 қоғамдық көлікпен қызмет көрсетеді. 2025 жылы жаңа 4 шағын автобус қосымша алынып, жаңартылған қоғамдық көліктердің үлесі 85%-ды құрады.  «Avtobys» электронды төлем қосымшасы енгізілді.

2025 жылы  әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялауға қажетті қаржы көлемі 541,3 млн. теңгені құрап, 273,8 млн. теңге қаржы қаралды. Облыстық бюджеттен 2025 жылға қосымша 311,7 млн. теңге қаржы қарау қажет етеді.

Кентау қаласында тазалық жұмыстары қарқынды

Қала аумағындағы қоқыс алаңшаларын контейнерлермен толықтыру мақсатында 19,5 млн.теңгеге 150 дана қоқыс контейнерлері алынды. Кентау қаласы және қалаға қарасты ауылдарда тұрақты түрде «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыстар атқарылуда. Қала аумағының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында                2 арнайы техника алынды («Тұран су» МКК арқылы). Коммуналдық шаруашылықты дамыту мақсатында арнайы техникалар сатып алынды. Атап айтқанда,  1 дана «КАМАЗ» көлігі базасында әмбебап коммуналдық техникасы, 1 дана МТЗ-80 тракторлары тіркемесімен,  5 дана жүк тасымалдауға арналған трицикл.

Кентаудағы  әлеуметтік сала да басты назарда

2025 жылдың 6 айдың қорытындысымен Атаулы әлеуметтік көмек 3775 адамға тағайындалды. Кедейшілік деңгейі 3,8%-ға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрайды (тіркелген жұмыссыз ретінде – 1967 адам тіркелген). Тұрақты және уақытша жұмысқа 2968 азамат жолданды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 1110 азамат жолданды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 89 азаматқа    мемлекеттік грант беру жоспарланып, 45 азаматқа грант берілді.

Ал білім беру саласы бойынша 2024-2025 оқу жылында білім деңгейінің орта баллы – 4 балл, білім сапасы – 58,8% құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6% жоғары.

2024-2025 оқу жылында 44 оқушы облыстық пән олимпиадасына қатысып, 33 жүлделі орын иеленіп, 8 оқушы республикалық пән олимпиадасына қатысып, 3-уі жүлдемен оралды. Бұдан басқа апатты деп танылған «Жұлдыз» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізуге ЖСҚ әзірлеуге 476,3 млн. теңге қаралып, бүгінгі таңда ЖСҚ-сы жасалынып, бюджеттік өтінім беріліп, 2025 жылдың 25 маусымындағы № 17/223-VIII облыстық мәслихаттың шешімімен 2025 жылға 100 млн.теңгесі бөлініп, өтпелі нысан ретінде қаралып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу үшін бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушы, облыстық мемлекеттік сатып алу басқарамасына ұсынылды.

2024-2025 оқу жылында 2 жеке меншік (Бастау-3 және Грант-Кентау) 750 орындық және 1 жекеменшік балабақша  150 орындық пайдалануға берілді.

Мәдениет саласы өркендеп келеді

2025 жылы Кентау қаласының 70-жылдығына орай 100-ден аса іс-шара жоспарланып, өткізілуде. 70 жылдық мерейтойға орай, кітап дайындалып, баспаға берілді. Қыркүйек айында Кентау қаласының 70 жылдығына арналған негізгі мерекелік іс-шара, сонымен қатар, композитор С.Бәйтереков әндерінен «Әлия» фестивалін, республикалық ақындар айтысын өткізу жоспарлануда.

Спорт саласы дамып, ғимараттар пайдалануға берілуде

Қала аумағында 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 спорт клубы, 4 балалардың даму мекемелері, 1 МЖӘ аясында спорт мектебі жұмыс атқаруда.

Қала аумағында 81 спорттық нысандарда халықтың 42% тұрақты спортпен шұғылданады. 2025 жылы жеке кәсіпкерлер есебінен 1 спорт кешені мен 1 фитнес орталығы пайдалануға берілді. Сонымен қатар әртүрлі деңгейде 51 спорттық жарыстар өткізілді. Кентау қаласының транзиттік әлеуеті де жоғары. Географиялық тұрғыда тиімді орналасуы өңірдің логистикалық орталыққа айналуына мүмкіндік береді. Бұл болашақта қала экономикасын әртараптандыруға жол ашатыны сөзсіз.

Қорытындылай келе, Кентау қаласы Түркістан облысының дамушы орталықтарының біріне айналып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен көзге түсіп отыр. Мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобалардың арқасында қала экономикасы жаңа деңгейге көтеріліп, тұрғындардың әл-ауқаты арта түсуде.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу