Құқық бұзушылықтың алдын алу – тұрақты қоғам кепілі

0
33

Түркістан облысында құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицейлер тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әсіресе интернет-алаяқтық, нашақорлық, жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқа да заңсыз әрекеттердің алдын алу.

Тәртіп сақшылары тұрғындармен жеке кездесіп, заң талаптарын түсіндірумен қатар, ескерту парақшалары мен бейнероликтер арқылы көрсетілетін QR-кодтары бар жадынамалар таратты. Бұл ақпараттық құралдар арқылы азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін, заң бұзған жағдайда қандай жауапкершілік жүктелетінін білуге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар әкімдік, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып, полиция қызметкерлері мектептер мен оқу орындарында жастармен кездесулер ұйымдастыруда. Оқушылар мен студенттер арасында құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылыққа бейім мінез-құлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.

Ата-аналар жиналыстары мен арнайы семинарлар да бұл бағыттағы жұмыстың бір бөлшегі болып отыр. Мұндай кешенді профилактикалық шаралар қоғамда заңға деген құрметті арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Полицейлердің айтуынша, бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Қоғамдық тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Түркістан облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілуде. Түркістан облысында «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Кентау қаласында өткен рейд барысында полицияның 14 мобильді тобы 983 үй мен қора-жайды аралап, азаматтық қару сақталу талаптарын тексерді. Нәтижесінде 350-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 65 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, 33 жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефон қолданғаны үшін жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, техникалық байқаудан өтпеу бойынша 30, маневр жасау ережесін бұзу бойынша 28 факт анықталды. Айыптұрағына 36 көлік қойылды. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жаюдың 8, абаттандыру ережелерін бұзудың 5 және елде тіркеусіз тұрудың 5 фактісін анықтады.

Облыста құқық қорғау органдары осындай шаралар арқылы тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бар күшін салып отыр.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Полицейлер интернет-алаяқтық, нашақорлық және басқа да заңсыз әрекеттерден сақтану жолдарын түсіндіре отырып, жол қозғалысы ережелерін сақтау маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты бейнероликтерде көрсетілетін QR-коды бар ақпараттық жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар, әкімдік, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесіп, полиция қызметкерлері мектептер мен оқу орындарында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесулер ұйымдастырады. Ата-аналар жиналыстары да тұрақты түрде өткізіліп, құқықтық тәртіп пен мәдениетті арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысында Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді.  Осы орайда Түркістан қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары үйлерді аралап, тұрғындармен кездесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізді. Шара барысында Тұрғылықты мекен-жайда тіркеусіз тұратындар, пробация есебіндегі азаматтар, отбасылық-тұрмыстық жағдайы бақылауда тұрған тұлғалар тексерілді. Мұндағы мақсат – қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және халықпен байланыс орнату.

Тәртіп сақшылары   «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Ордабасы ауданында ауқымды іс-шара бастады. Осы орайда 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында аудан аумағында «Учаске» профилактикалық акция өтеді.

Әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, экстремизм мен терроризм көріністеріне жол бермеу, азаматтармен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылған шарада учаскелік полиция инспекторлары үйлерді аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрбір үй иесіне құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндіріп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары, заң талаптарын сақтау маңыздылығын баяндады.

Олар тұрғындардың талап-тілектері тыңдап, өзекті мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстарын қабылдады. Мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып қана қоймай, полиция мен азаматтар арасындағы сенімді арттыруға ықпал етеді. «Учаске» акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Өңірде  «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында полиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Түркістан облысы полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері, полиция майоры А. Жарқынбек және полиция аға лейтенанты Г. Аметова Түркістан қаласындағы «Ханшайым плаза» ойын-сауық орталығында Ашық есік күнін өткізді.

Отбасын қолдау орталығының және қалалық «Мансап орталығының» мамандарымен бірлесіп өткізілген іс-шараға 60-қа жуық азамат қатысты. Қабылдау барысында мамандар отбасылардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша кеңес берді.

Өз кезегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықпен бірлескен іс-қимылды жақсарту аясында сауалнама жүргізілді. Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шаралар қоғамның тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардарлығын арттыруға және осындай жағдайларға тап болғандарға көмектесуге бағытталған.

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу