Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 300 орындық мектеп ашылды

0
24

Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қызу жүргізілуде. Атап айтқсанда, білім саласында бірқатар оңды жұмыстар атқарылуда.Соның бірі – Сауран ауданында. Бүгінге құрылысы аяқталып, мерекеге орай тапсырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – ел болашағына жасалған маңызды инвестиция. Жоба аясында өңірімізде 29 Келешек мектептің құрылысы жүргізілді. Өткен оқу жылында 13 мектеп пайдалануға берілсе, ал биыл жаңа оқу жылында 16 мектеп пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда.

Нақтырақ сайтсақ, Түркістан облысы, Сауран ауданында 30 тамыз – Конститутция күні қарсаңында 300 орынға арналған «Келешек мектептері» жобасы аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебі халық игілігіне берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен салынған білім ұясының ашылуына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім күнімен және Ата заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Әкім өз сөзінде жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 48 мыңнан астам оқушы қабылданғанын айтып, жыл сайын мектеп табалдырығын аттайтын балалардың көбеюі бізге үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді.

Сауран ауданында 3 Келешек мектеп іске қосылуда. Бұл аудан терең тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленеді. Сондықтан да мұндағы әрбір игі бастама ел рухын көтеріп, жас ұрпаққа тағылым берері анық. Ұлт қайраткері Сұлтанбек Қожанов атындағы 300 орындық жаңа білім ұясының ашылуы Үшқайық, Жалаңтөс, Теке ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Балаларымыздың болашағына жасалған қолдау.

Жаңа мектеп заманауи жабдықталған.  Сыныптарында сапалы білім алуға және ұстаздар үшін еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Екі қабаттан тұратын мектептің жалпы аумағы – 2 гектар. 115 орындық акт залы мен шеберхана, асхана мен кітапхана, спорт залы мен медициналық пункт бар. Бейнебақылау камералары орнатылған. Мектептің құрылыс жұмыстарын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырмасымен «Ныш-Ер» ЖШС жүргізді.

Одан бөлек, өңірде мәдениет және спорт, денсаулық саласы бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу