Түркістан облысында полиция 100-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, 10 мыңнан астам тұрғынды интернет-алаяқтықтан сақтандырылды

0
20

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында кең ауқымды «Мал ұрысы»  жедел-профилактикалық шарасы өтті.

Бір тәулік ішінде Қарабұлақ ауылындағы 4 мыңға жуық үй мен шаруа қожалықтары тексеріліп, 3 мыңнан астам таңбаланбаған және құжатсыз мал анықталды. Рейд барысында 12 мал сою орны тексеріліп, біреуінде ветеринариялық талаптар бұзылғаны белгілі болды. Құжатсыз мал тасымалдаған 6 жүк көлігі ұсталып, арнайы тұраққа 60 бас мал жеткізілді. Қару сақтау ережесін бұзған 10 қару иесіне әкімшілік шара қолданылды.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған 24 шетелдік анықталып, заңсыз жұмыс күшін пайдаланған 3 қазақстандыққа шара қолданылды. Барлығы 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде қоғамдық орындарды ластаудың 8 фактісі, қауіпсіздік белдігін тақпаған 17 жүргізуші және тасымалдау ережесін бұзған 24 жүргізуші бар. Үш автокөлік айыптұрағына қойылды.

Сонымен бірге полицейлер мал ұрлығының, интернет-алаяқтықтың, экстремизмнің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы 11 мыңға жуық ақпараттық жадынама таратты. Құқық қорғаушылар мұндай профилактикалық шаралардың азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосатынын атап өтті. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Аталған шараға ПД бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаевтың жетекшілігімен жедел және аудандық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы қатысты.

Тәртіп сақшылары азаматтарға салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу, заңмен тыйым салынған есірткі заттарын қолданбау және интернеттегі алаяқтық түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары, банк карталары мен құпия кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажеттілігін ескертуде. Осы орйда  3000 тұрғын нашақорлық пен интернет алаяқтығынан сақтандыру шараларына тартылды. Өңірде нашақорлық пен интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда Түркістан облысында полиция 10 мыңнан астам тұрғынды интернет-алаяқтықтан сақтандырды

Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Сайрам ауданында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Жедел уәкілдер аудан аумағындағы әрбір үйді аралап, тұрғындармен жеке кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде 4 мыңнан астам үй қамтылып, 10 мыңнан астам адамға ескертпе парақшалары таратылды. Бұл парақшаларда интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың ең кең тараған түрлері, қылмыскерлердің алдау тәсілдері және жеке деректерді қорғаудың негізгі ережелері көрсетілген.

Полиция қызметкерлері әңгіме барысында бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, құпия сөздерін, SMS-кодтарын бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және интернет-дүкендерден тауар сатып алу кезінде тексерілген, сенімді платформаларды пайдалану қажеттігін түсіндірді.

Сондай-ақ алаяқтыққа тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласу керектігі ескертілді. Полицейлер мұндай алдын алу шаралары тұрғындардың киберқауіпсіздік деңгейін арттырып, интернет-алаяқтардың арбауына түсіру қаупін барынша төмендетуге ықпал ететінін атап өтті.

Бұдан өзге полицейлер демалыс аймақтарында, жазғы лагерьлерде, аялдамалар мен базарларда, кәсіпкерлік нысандарына барып, түсіндірі жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ бейтаныс сілтемелерге өтпеу, ақшалай қаражат жібермеу және күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды. Жалпы 3000-ға жуық тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Оларды есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастырып, интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін қырағы болуға шақырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу