ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА КӨКТЕМГІ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
46
Кентау қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары ұсталатын қора-жайлар мен іргелес аумақтарда көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
🔰Аталған іс-шаралар жыл сайын екі рет – көктем және күз мезгілдерінде ұйымдастырылады. Арнайы қорасы бар және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын тұрғын үйлер үшін бұл жұмыстар мемлекет есебінен тегін жүргізіледі.
🔰Айта кетейік, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ол кене шаққан кезде немесе кененің қаны адамның терісіне не шырышты қабатына тиген жағдайда жұғуы мүмкін.
🔰Осыған байланысты қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға, аула мен қора-қопсыны таза ұстауға, сондай-ақ мал қалдықтарын дер кезінде тазалауға шақырамыз.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу