Түркістан: Арыста әлеуметтік нысандар бой көтеруде

0
47

Түркістан облысында әлеуметтік инфрақұрылым, соның ішінде балаларға арналған нысандардың құрылысы қарқын алып отыр. Бұл жұмыстар барлық аудан-қалада жүзеге асырылуда. Соның ішінде Арыс қаласында да әлеуметтік нысандардың құрлысы қарқынды жүргізілуде.  Арыс қаласының тұрғындары әкіммен өткен кездесуде балалар ойын алаңшасын салу қажеттігін айтқан болатын. Тұрғындардың өтініші бойынша қала әкімі  Қайсар Маңқараевтың тапсырмасына сәйкес,  қалада 17 жаңа балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары басталды.

Аталған нысандардың 10-ы қала аумағында орналасса, қалған 7 ойын алаңшасы ауылдық елді мекендерде бой көтеріп жатыр. Барлық алаңшалар заманауи талаптарға сай, балалардың қауіпсіздігі мен белсенді дамуына лайықталған.

Биыл қаладағы Сүлейменов көшесінде орналасқан футбол алаңшасына, сондай-ақ Монтайтас пен Жиделі ауылдық округтеріндегі футбол алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар Арыс қаласының балалар мен жасөспірімдеріне қолайлы орта қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беру мақсатында жүзеге асырылуда.

Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу