Түркістан облысында құқықтық саясаттың іске асырылуы зерделенді

Түркістан облысында құқықтық саясаттың іске асырылу барысын, құқықтық қамтамасыз ету бойынша бейінді ведомстволардың жұмысын және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру, заңнамалық жаңалықтарды түсіндіру, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету сынды бағыттар қамтылды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындардың құқықтық білімін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі айтылды.
Бүгінде жастардың бір бөлігі өз құқықтары мен міндеттерін жақсы біледі, интернет арқылы заңнамалық базалармен танысып, құқықтық мәселелерді дер кезінде шешуге тырысады. Дегенмен, заңды толық түсінбеген немесе құқықтық жауапкершіліктен бейхабар жастар да жоқ емес.
Құқықтық сауаттылық — бұл тек заңдарды жаттап алу емес. Бұл — кез келген жағдайды заң аясында шешуге тырысу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және өз құқықтарыңды қорғай білу қабілеті.
Сондықтан жастар арасында құқықтық білімді насихаттау — уақыт талабы. Мектептер мен колледждерде, ЖОО-ларда құқықтық тәрбие беру жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, түрлі тренингтер, пікірталастар, құқықтық акциялар арқылы жастардың құқықтық санасын қалыптастыру маңызды.
Өз құқығын білетін және қорғай алатын жас — елдің мызғымас тірегі.
Осы орайда Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында ауқымды форум өтті. «Заң мен тәртіп» аясында ұйымдастырылған «Қоғам вейпке қарсы – жастардың таңдауы салауатты өмір» атты бұл іс-шараны Экономикалық тергеп-тексеру департаменті аудандық полиция бөлімінің қолдауымен өткізді.
Шараның мақсаты – жастар арасында вейп, «дроп» сияқты жасырын тәуелділіктерге қарсы қоғамдық төзбеушілікті қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Аталған форумға облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е. Балғабаев, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өңірлік басшысы Б. Қабдыраш, аудан әкімінің орынбасарлары, полиция бөлімінің басшы орынбасары А. Арынбаев, ауыл әкімдері, жастар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара барысында «Вейпсіз – аудан» атты арнайы акцияның басталғаны жарияланды. Бұл бастама облыс көлемінде қолдау тауып, өз жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, қатысушылар назарына әлеуметтік бейнероликтер ұсынылып, салауатты өмір салтын дәріптейтін музыкалық қойылымдар қойылды.
Өңірде «Заң мен тәртіп» аясында жастардың құқықтық сауаттылығы артып келеді. Алдағы уақытта халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізілетін болады.
Сонымен қатар облыста халық аралсында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің жолын кесу, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша кең көлемде ақпарат берілді.
80-ге жуық тұрғын қамтылған профилактикалық кездесуде азаматтарға жадынамалар таратылып, құқықтық кеңестер ұсынылды. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таппақ.
Облысқа қарасты барлық аудан-қалаларда отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары және аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығының» қызметкерлерімен бірлескен шара өткізілуде.
Оқыс оқиғасыз жазғы демалыс: полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынш