Заң мен тәртіп: Арыста заңсыз жүк тасымалына қарсы рейдтік шаралар қарқынды

Түркістан облысында жол қозғалысы мен жүк тасымалдау тәртібін сақтау бағытында бақылау күшейтілген. Атап айтқанда, Арыста жол қозғалысы ережелерін сақтау, жол сапасын қорғау және рұқсатсыз жүк тасымалына тосқауыл қою мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Рейдтік жұмыстар барысында шамадан тыс жүк тиеген, жолдарды ластаған және қозғалыс қауіпсіздігін бұзған көліктерге қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Жалпы бүгінгі күнге дейін Арыс қаласында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы құрылған мобильді топ 31 рейд жүргізіліп, 301 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша хаттама толтырды. Нәтижесінде тиісті айыппұлдар салынған. Заң аясында өндірілді.
Сонымен бірге Түркістан облысының көлік бақылау инспекциясы, Арыс аудандық полиция бөлімі және қалалық әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақтан асырып жүк тасымалдауын болдырмау мақсатында бірқатар рейдтер өткізілді. Соның нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 45 әкімшілік іс қозғалып, тиісті айыппұлдар салынды.
Қала әкімдігі алдағы уақытта да мұндай бақылау шаралары жүйелі түрде жалғасатынын және заң талаптарын бұзғандарға қатаң әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертеді.