Заң мен тәртіп қағидаты аясында Түркістан облысында қарқынды жұмыстар жүргізілуде

0
16

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында  басым міндеттер айқындалды.  Олардың қатарында  «Таза Қазақстан» бағдарламасын  іске асыру, интернет-алаяқтықтың және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, жолдардағы апаттылықты азайту, ақпараттық жадынамалар тапсыра отырып, түсіндіру жұмыстарын және халықпен кездесулер өткізу бар. Осы бағытта Түркістан облысы полиция департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері мен облыста  полиция бөлімінің қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қоғамда өзекті мәселеге айналған бұл қылмыс түрінің алдын алу бағытында өткен шарада полицейлер тұрғындарға киберқылмыстан сақтану жолдарын түсіндіріп, алаяқтар жиі қолданатын әдістер туралы айтып берді.

Сонымен қатар, азаматтарға арнайы дайындалған жадынамалар таратылып, бейтаныс сілтемелерге өтпеу, банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеу, күмәнді жарнамалар мен онлайн сауда кезінде сақ болу қажеттігі ескертілді. Мұндай түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Одан бөлек Интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтарды киберқауіптерден қорғау мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Түркістан қаласындағы Түркістан-Ахмет Ясауи мешітінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында 2500-ге жуық азамат интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың алдау тәсілдері, дербес деректер мен онлайн төлемдердегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат алды.

Полицейлер азаматтарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу, бейтаныс нөмірлерге жауап бермеу және бөгде адамдарға банктік шоттар мен жеке деректерді ұсынбау туралы қарапайым ережелерді ескертті. Сондай-ақ шараға қатысушыларға интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша пайдалы ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратты.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары мұндай шаралардың қаржылық сауаттылықты арттыруға және киберқауіпсіздік саласындағы заманауи қауіптен халықтың хабардар болуына ықпал ететінін, ал сақтық шараларын орындау өздерін және жақындарын интернеттегі алаяқтық әрекеттерден қорғауға көмектесетінін атап өтті.

Полицейлер профилактикалық шараларды қарқынды жүргізуде. Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы, отбасылық зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Мақсаты – халықты киберқауіптер туралы хабардар ету, интернет-алаяқтардың тәсілдерін тануға үйрету және балалар мен ересектерді цифрлық алаяқтардан қорғау. Сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу мен отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылықты болдырмау.

Алдағы уақытта да халық көп шоғырланатын орындарда жүргізілген түсіндірме жұмысында алаяқтықтың ең көп таралған түрлері мен әдістері айтылып, ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратылды. Құқықтық сауаттылық пен интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында өткізілген шара алдағңы уақытта өз жалғасын табатын болады.

«Заң және тәртіп»  қағидатын іске асыру шеңберінде Түркістан облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты-әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп орындаудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша жұмысты жандандыру.

Шара барысында тәртіп сақшылары «Автоураган» жылжымалы кешені мен «Қорғау» жүйесі арқылы 200 мың теңгеге астам төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы тұрғынының «Toyota Carina» маркалы автокөлігін анықталды. Борышкердің көлігін айыптұраққа орналастырды.

Өз кезегінде Түркістан қаласының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады. Нәтижесінде «Борышкер» шарасы барысында полицейлер 250-ден астам әкімшілік хаттама толтырды. Борышкер жүргізушілердің 30 автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу