Заң мен тәртіп: Полицейлер «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 17 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

0
17

«Таза Қазақстан»  экологиялық бағдарламасы  және «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында экологиялық тәртіпті сақтау бағытында кең ауқымды рейдтік және түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Бұл шара экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған. Аталған іс-шараның басты мақсаты — қоғамдық орындарды ластау мен абаттандыру ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру. Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, демалыс аймақтары мен адамдар көп жиналатын орындарда тексеру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға арнайы белгіленбеген жерлерге қоқыс тастамау туралы ескертулер жасады.

Жүргізілген рейдтер мен профилактикалық шаралардың нәтижесінде полицейлер 17 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде, жалпы пайдалану орындарының ластануына байланысты 13 мыңнан астам фактіні және абаттандыру ережелерін бұзудың 4,3 мыңға жуық дерегін анықтады.

Тазалықты  сақтамаған азаматтарға ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, тиісті хаттамалар толтырылды. Кез – келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» – бұл қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және жайлы орта құруға бағытталған маңызды қадам.

Бағдарлама аясында  Түркістан қалалық жергілікті полиция қызметінің полицейлері белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу, жолдар мен жол құрылыстарын зақымдау жайттары бойынша 2000-ға жуық деректі анықтады. Өз кезегінде тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу