1 сәуірге дейін қандай салық есептілігін тапсыру керек

0
70

Қазақстанда 2025 жылғы 31 наурызда 2024 жылғы салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады, деп жазады zakon.kz.

«Параграф» АЖ 2024 жылдың қорытындысы бойынша мынадай есептерді ұсыну қажет екенін еске салды:

КТС бойынша декларациялар (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 н.).

ЖТС бойынша декларациялар (220.00, 240.00 т.).

Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларация (есеп) (531.00-нысан).

Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан). Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларация (560.00-нысан).

Жер қойнауын пайдалануға балама салық бойынша декларация (600.00-т.). Көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00-нысан).

Жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан).

Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, ТШЖ қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (912.00-т.).

Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларация (920.00-нысан). Бұдан өзге, 2024 жылғы 4 тоқсанда резидент табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есеп ұсынылады (101.04-нысан). Бұл ретте, 2025 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жеке тұлғаларға 2024 жылға көлік құралдарына салық төлеу қажет.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу