Заң мен тәртіп: Түркістан облысында полиция тасжолдарда профилактикалық шаралар жүргізуде

0
13

Түркістан облысында «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері бірнеше бағытта белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бұл шаралар есірткі қылмысының алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Атап айтқанда, Түлкібас ауданында республикалық маңызы бар тасжолдарда күшейтілген режимде рейдтер ұйымдастырылып, жылжымалы блокпосттар арқылы көлік ағыны мен жолаушылардың қозғалысы жіті бақылауға алынды. Бұл есірткінің заңсыз тасымалын анықтап, тосқауыл қоюда тиімді құрал болып отыр.

Қоғам үшін аса өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықпен күрес. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында сөз қозғап, есірткінің адамзатқа қаншалықты қауіпті екенін айтып, онымен күресу үшін мемлекет қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеген болатын.

«Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақор­лық­қа қарсы күрес. Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақ­ты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құры­лым, әсіресе, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәсе­лесі ушығып барады»  деген еді Мемлекет басшысы.

Елімізде синтетикалық есірткінің таралуы, жастардың улану деректері көбейіп барады. Бұл дабыл қағарлық жағдай. Сондықтан нашақорлықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Алда облыста бұл бағыттағы шаралар күшейтіліп, бақылау қатая түспек. Мемлекет қатаң шаралармен қатар, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беретін, өмірлік дағдыларды үйрететін бағдарламаларды да жүзеге асыруды қолға алуда.

Мемлекет басшысының айтуынша, заңнамалық шаралар қабылданғанымен, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін құқық қорғау органдары, білім беру мекемелері, ата-аналар мен қоғам белсенділері жұмыла жұмыс істеуі қажет

Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында полицейлер жолдарды тарылту әдісін қолдануда. Бұл – жүргізушілердің жылдамдықты еріксіз төмендетуіне және жолда мұқият болуына сеп болады. Сонымен бірге, тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жолаушыларға жол ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы бейнероликтер мен QR-кодтары бар жадынамалар таратты.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы кезінде аса жауапты болуға шақырып, бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты жалғасатынын жеткізді.

.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу