Түркістан облысында есірткіге қарсы күрес күшейтілді

0
14

Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастаманың басты мақсаты – қоғамда тәртіп орнатып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы орайда есірткі бизнесіне қарсы күрес – басты басымдықтардың бірі ретінде қолға алынып жатыр.  Осы орайда  «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Polisia.kz мәліметінше, биылғы алты айда 4000-ға жуық есірткіге қатысты құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде 1800-і – ауыр және аса ауыр қылмыстар.

Ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес те назардан тыс қалмады. Тиісті органдар 21 қылмыстық істі тіркеді, оның екеуі трансұлттық сипатқа ие. Осы істер аясында 11 топ жетекшісі мен 43 қатысушы ұсталды.

Заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі тәркіленсе, синтетикалық заттардың үлесі айтарлықтай артып, 570 кг-ға жетті. Сонымен қатар, 103 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, есірткі егу бойынша 218, ал контрабанда бойынша 63 дерек анықталды.

Интернет арқылы таралатын есірткіге тосқауыл қою үшін 17 мыңнан астам сайт бұғатталып, 24 мың күмәнді банктік шоттар тоқтатылды. Бұл шоттарда 2,4 млрд теңге сақталған.

Есірткі профилактикасына ерекше көңіл бөлінуде – 11 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, оларға 1 миллионнан астам жасөспірім мен жастар қатысқан.

ІІМ өкілдері мұндай қылмыстармен күрес болашақ ұрпақты қорғауға бағытталған маңызды міндет екенін баса айтып, аталған шаралар алдағы уақытта да күшейтілген түрде жалғасын табатынын мәлімдеді.

Есірткі мен психотропты заттар – тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның дерті. Олар қылмыстың, отбасы мен денсаулық проблемаларының, жастар арасындағы түрлі келеңсіздіктердің негізгі себебі болып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде еліміздің барлық өңірінде есірткі айналымына қарсы күрес күшейтілді. Соның ішінде өңірде қаласында бұл жұмыс кең ауқымда жүргізілуде. Полиция департаменті тарапынан есірткімен күреске бағытталған кешенді шаралар ұйымдастырылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстарға қалалық әкімдік, білім беру мекемелері және Жастар ресурстық орталығының белсенділері де белсенді қатысып отыр. Олар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткінің зияны туралы ақпараттық парақшалар таратуда.  Басты мақсат – жастарды зиянды әдеттерден сақтау және есірткісіз жарқын болашақ қалыптастыру.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу