Түркістан облысында құқықтық саясат пен моральдық-психологиялық ахуалды жетілдіру жөнінде жиын өтті

0
34

Түркістан облысы Полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын көтеру мақсатында арнайы жиын ұйымдастырылды.

Жиынға  Түркістан қаласы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев, Кентау қаласы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Бимахан Советұлы, департамент басшылығы және жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстар, нормативтік-құқықтық актілердің сапасы, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғау және құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары кеңінен сөз болды.

Мамандардың пікірінше, құқықтық сауаты жоғары қоғам – әділетті мемлекеттің негізі. Сондықтан құқықтық саясатты жүзеге асыруда әр азаматтың құқықтарын білуі және оны қорғау жолдарын меңгеруі маңызды.

Жиын барысында қызметіне адал, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда жоғары нәтижеге қол жеткізген полиция қызметкерлерінің ата-аналары арнайы марапатталды. Бұл – полиция саласындағы жанқияр еңбекке көрсетілген құрмет пен қолдаудың бір көрінісі.

Алдымен қатысушыларға Полиция департаментімен атқарылған іс-шаралар туралы бейнеролик ұсынылды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сансызбаев  азамат, патриот болу үшін батыр немесе асқан ерекше адам болудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Тек өз Отанынды жеткілікті дәрежеде сүюің, ол үшін қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге бөлісуің тиіс деп айтты.

Жеті полицейдің ата-анасына департамент басшысы Мұрат Қабденовтің атынан алғыс жарияланып, осындай батылда білімді тәртіп сақшыларын тәрбиеліп өсіргені үшін алғыс хат табысталды.

Одан бөлек  Түркістан облысының полиция департаментінде жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен полиция қызметкерлері арасындағы моральдық-психологиялық ахуалдың өзекті мәселелеріне арналған маңызды іс-шара өтті.

Шараға сарапшы, тәжірибелі психолог және терапевт Салтанат Асанова қатысты. Сабақтың мақсаты – өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген диалог құрудың маңыздылығын түсіндіру. Қатысушылар «Жанжалсыз диалог: қарым-қатынаста экологиялық (зиянсыз, қауіпсіз) байланыстың маңыздылығы» тақырыбын талқылады.

Іс-шара барысында полицейлер қарым-қатынастағы жасыл принциптерді көрсету, жанжалдардың алдын алудағы сыпайы және саналы диалогтың рөлін түсіндіру, жеке шекараларға құрметпен қарау дағдыларын дамыту, эмпатия мен мұқият тыңдаудың маңыздылығын түсіну сияқты салалардағы білімдерін жетілдірді.

Бұл білім мен дағдылар полицейлерге қызмет бабында көмектесіп, кәсіби қиындықтарды жеңуге және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі деп күтілуде.

Облыста құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың ата-аналарына да құрмет көрсетіліп келеді. Солардың бірі –  Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ш.Әділханұлының қатысуымен қызметкерлердің аналарына «Алғыс хат» және «Офицердің анасына» атты медальдар табыстау жиыны өтті. Мақсаты –  қызметтеріне адал, еңбекқор және қоғамдық тәртіпті қамтамсыз ету жолында жоғарғы нәтижеге қол жеткізген қызметкерлерді марапаттау арқылы тәртіп сақшыларының бойында отанға деген патриоттық сезімін ұлғайту, қоғамға адал қызмет етуге баулу.

Жиында сөз алған полиция полковнигі Ш.Әділханұлы: «Бұл азаматтардың отан алдындағы борышын адал атқарып, ел тыныштығы мен халықтың амандығын қорғап, парасат пен төзімдімділікке, жауапкершілік пен табындылық, патриотизм мен адамгершілікті бойларына сіңіруі – аналар сіздердің жүрек жылуларыңыз бен ақ баталарыңыздың жемісі екендігі ақиқат. Осындай ержүрек полицей азаматтарды тәрбилеп жеткізген сіздерге алғыс білдіреміз» деді ол.

Сонымен қатар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 13 қызметкердің аналарына «Алғыс хат» және «Офицердің анасына» атты медальдар табысталып, шара соңы естелік суретке түсуге ұласты.

Аталған шаралар мұнымен шектеліп қана қоймай арнайы кездесулер ұйымдастырылады. Мәселен,  Жетісай аудандық полиция бөлімінде мейрамхана, дүкен, кафе, жанармай құю бекеттерінің иелерімен кездесу өтті. Басқосудың негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, бейнебақылау жүйелерін орнату және тәртіпті сақтау мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарды талқылау болды.

Кездесуде  полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыс орын алған жағдайда жедел әрекет ету жолдары жайлы нақты ақпарат берді.

Шара соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, өздерінің ұсыныстарын білдірді. Полиция бөлімінің басшылығы айтылған ұсыныстар тиісті шешім шығаратынын хабарлап, барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген жандардың ата-аналары да ескерусіз қалмайды. Соның бірі – Жетісай аудандық полиция бөлімінде жыл бойы өз қызметінде ерекше көзге түсіп, адал еңбек еткен қызметкерлердің ата-аналарына құрмет көрсетілді. Шара барысында полиция бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейірхан Құрбанбаев үздік қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хат пен сый-сияпат табыс етті. Бұл – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі еңбегі мен үлесін бағалаудың бір көрінісі.

Салтанатты жиында бөлім басшысы ата-аналарға жүрекжарды алғысын білдіріп, полиция қызметкерлерінің тәртіп пен заңдылықты сақтаудағы қажырлы еңбегін атап өтті. Мұндай шаралар ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, жас қызметкерлерге жауапкершілік пен мотивация берері сөзсіз.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу