ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бағытында жұмыстар жанданатын болады. Бүгін осы бағытта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Мәжілісте Президент белгілеген негізгі 68 бағыт сараланды. Әр салаға жүктелген міндеттерді тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды. Атап айтқанда, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және өтініштермен жұмыс істеу процестерін дамыту сынды тағы басқа негізгі салалар қамтылды.
Облыс әкімінің орынбасары жауапты басқарма басшыларына тапсырмаларды нақты мерзімде орындап, сапалы әрі жүйелі орындауды, сондай-ақ жұмыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Жиынды қорытындылай келе, Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жұмысын күшейтуі тиіс екенін атап өтті.