Түркістан облысының экономикалық-әлеуметтік әлеуеті айтарлықтай өскен

0
46

Облыс орталығы мәдени-тарихи мұрасымен ерекше қала. Қала күн санап, қарқынды дамуда. Түркістан облысының экономикалық-әлеуметтік әлеуеті айтарлықтай өскен. Облыс та соңғы жылдары көптеген ғимараттар салынуда. Түркістан облысында оның ішінде қалада туризм қарқынды дамуда. Сондай-ақ өнеркәсіп пен өңдеу саласы қарқын алған. Өңірде 2 миллионнан аса халық тұрады.  Қазіргі таңда өңірдің экономикасы жақсарып, халықтың демографиялық өсімі артып, тұрмысы жақсарған. Демек бұл өңір үшін экономикалық, саяси және рухани пайдасы бар шешім. Өңірге тартылған инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары ашылуда.  Облыстың инфрақұрылымдық дамуы – экономиканың басты қозғаушы күші. Демек  құрылыс нысындарының салынуы  облыстың экономикалық-әлеуметтік деңгейін көтеруде. Осы нысындарды салынуына атсалысқан еңбек адамдарын атап өтпей кету мүмкін емес. Түркістанда  Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Құрылыс саласына еңбек етіп жүрген мамандар мен сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. «Конгресс Холл» кешенінде өткен жиынға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы қатысып, еңбек адамдарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Құрметті құрылысшылар, сала ардагерлері! Баршаңызды Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Құрылыс саласы ел экономикасының негізгі драйвері екені баршаңызға мәлім. Салаға үлесін қосқан әрбір азамат –мемлекетіміздің маңызды қозғаушы күштерінің бір бөлшегі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» атағының мемлекеттік наградаға қайта теңестірілуі – Сіздердің еңбектеріңіздің жоғары бағалануының айқын айғағы. Бұл – еңбек адамына деген шынайы құрметтің белгісі. Облысты дамытуда құрылысшылардың қосқан үлестері ерекше. Өздеріңіздің тікелей атсалысуларыңызбен 7 жылда Түркістанның жаңа келбеті қалыптасты. Бұдан бөлек, барлық аудан, қалаларда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, инфрақұрылым күнен-күнге жақсаруда. Өңірімізде биылғы 6 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 230 млрд. теңгені құрап, жоспар 125%-ға орындалса, пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер көлемі 432,4 мың шаршы метрді құрап, өсім 118% деңгейінде қалыптасты. Түркістан облысы құрылғалы бері соңғы 7 жылда тұрғын үйге мұқтаж 16 925 отбасы баспаналы болды. Құрылысшы – маңызды және аса жауапты мамандық. Құрылыс нысандарын салу – терең білім мен асқан шеберлікті талап етеді. Осы орайда, елге деген адал еңбектеріңіз үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін! Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, мереке құтты болсын! – деген Зұлпыхар Жолдасов сала ардагерлері мен үздіктеріне мемлекеттік марапаттарды тапсырды.

Мерекелік жиында Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев та еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті. Атап айтсақ, құрылысшыларға «Парасат» ордені, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ҚР Премьер-министрінің алғыс хаты, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің Құрмет грамотасы және өзге де марапаттар тапсырылды.

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрханов пен «Қазақстан Құрылысшылар одағы» РҚБ Түркістан облысы филиалының директоры, ардагер құрылысшы Құттыбек Жамашев та құрылысшыларды құттықтады.

Айта кетейік, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр. Тұрғын үйлер, білім беру нысандары, әлеуметтік-экономикалық  нысандар кестеге сәйкес салынуда.

Құрылысшылар күніне арналған мерекеде Түркістан облысының танымал өнерпаздары мен өнер ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынды.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы соңғы уақытта үлкен жетістікке жетіп, жаңа белестен көрінді. Туризм, өнеркәсіпғ ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымдық даму салаларындағы табыстар өңірдің болашағына сенім ұялатады. Қасиетті мекен еліміздегі экономикалық орталғы ретінде аймақтың ғана емес, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосып жатқан ерекше өңір.

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу