Сот: Ұрлық жасаған тұлғаға жаза тағайындалды

0
60

 

Сот жүйесінің қызметі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің негізгі тетігі. Бұл жүйе әділдік пен заңдылық қағидаттарына сүйене отырып, қоғамдағы дауларды бейбіт жолмен шешуді, құқық бұзушылықтың алдын алуды және адам құқықтарының сот арқылы қорғалуын жүзеге асырады.

Соңғы жылдары сот жүйесінде бірқатар маңызды реформалар жүргізілуде. Олардың мақсаты – сот төрелігінің әділдігін, қолжетімділігін және ашықтығын арттыру. Сот процестерін цифрландыру, судьялардың жауапкершілігін күшейту, татуластыру рәсімдерін кеңінен енгізу – реформалардың басты бағыттары.

Адам құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуы – Конституциялық қағида. Әрбір азамат заң алдында тең, және оның құқығы бұзылған жағдайда, оны сот арқылы қалпына келтіруге толық құқылы. Бұл – құқықтық мемлекеттің басты белгісі.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған А. атты тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 28 ақпанда түнгі 04:00 шамасында Сарыағаш қаласы, Жібек жолы – Жетісай тас жолы бойындағы автотұрақ бекетінде орналасқан орындықта ұйықтап жатқан жәбірленуші Б.-тің қалтасынан 1 млн 800 мың теңге көлеміндегі ақша жасырын түрде жымқырылған.

Оқиғаға қатысты видеожазба бар.

Прокурор сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші А.-ға кешірім беріп, жауапкершіліктен босатуды өтінді. Сотталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен татуласуына байланысты жеңіл жаза сұрады.

2025 жылғы 30 мамырдағы сот үкімімен А. кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

ҚК-нің 44-бабына сай, А.-ға бас бостандығынан шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылу міндеті жүктелді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қорыта айтқанда, сот жүйесі – демократиялық қоғамның тірегі. Ол арқылы азаматтардың құқығы қорғалып, қоғамда сенім мен тұрақтылық қалыптасады.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу