Түркістан облыстық сотында 2025 жылдың І жартыжылдығы қорытындыланды

Түркістан облыстық сотында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Кеңес жұмысына облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары, судьялар және Соттар әкімшілігі департаментінің басшылығы қатысты.
Кеңесте сот төрелігінің түрлі бағыттары бойынша 5 айда атқарылған жұмыстар сараланып, нақты нәтижелер баяндалды.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р.Хасенов
Өңірде қаралған қылмыстық істердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға азайғанын атап өтті.
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Биболов
Азаматтық істердің 23,3%-ға артқанын айтты. Істердің негізгі бөлігін шарттық міндеттемелер мен отбасылық қатынастарға қатысты даулар құрайды. Сонымен қатар, татуласу рәсімдерінің қолдану көрсеткіші 2,9%-ға төмендегені атап өтілді.
Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Байтұрова
Әкімшілік істердің саны 4,2%-ға азайғанын мәлімдеді.
Департамент басшысы А.Апбас
Сот ғимараттарына жүргізіліп жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысына тоқталып, алдағы III тоқсанда іске асырылатын жобалар туралы баяндады.
Кеңес соңында сот төрелігінің сапасын арттыру және құқықтық қызметтің тиімділігін одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.