1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот өз жұмысын бастады.

Биылғы 1 шілдеден бастап Астанада Мемлекет басшысының 2023 жылғы қыркүйекте кәсіпкерлермен кездесуінде мәлімдеген тапсырмасы бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот өз жұмысын бастады.
🔹Жаңа соттар елордада орналасқан.
🔹Биылғы 1 шілдеге дейін кассациялық сатының функцияларын Жоғарғы Сот жүзеге асырды.
🔹Азаматтық және қылмыстық істерді қарау «таңдамалы» кассациялық тәртіп бойынша жүргізілді.
🔹Оның мәні азаматтық істер бойынша азаматтардың өтінішхаттары алдымен алдын ала қарауға беріліп, оларды алқалы қарауға беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді судьяның өзі ғана шығарды.
🔹Қылмыстық істер бойынша алдын ала қарау алқалы түрде, үш судьяның қатысуымен жүргізілді.
🔹Бірақ бұл тәртіп жетілдірілмеген, азаматтарға белгілі бір қолайсыздық тудырды.
🔹Бастапқыда әкімшілік әділеттің енгізілуімен жаппай кассациялық тәртіп қолданылған әкімшілік істер бойынша шағымдар түскен жоқ.
🔹Нәтижесінде, сот ісін жүргізудің үш түрі бойынша кассациялық тәртіпте қайта қарауға басқаша көзқарас пайда болды.
🔹Бұл жағдай кассациялық қарауға қолжетімділікті шектеді және тиісінше сот төрелігіне қолжетімділік туралы қоғамның сұранысын қанағаттандырмады.
🔹Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық және азаматтық істерді алдын ала қарау жойылды.
🔹Кассациялық соттар «жаппай кассация» принципі бойынша жұмыс істей бастады.
🔹«Жаппай» кассация, ең алдымен, істі іс жүргізуге қабылдау сатысымен ерекшеленеді.
🔹Енді барлық келіп түскен шағымдар іс жүргізуге қабылданып, мәні бойынша кемінде үш судьядан тұратын алқада қаралады.
🔹Соның нәтижесінде сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарау соттың қалауы бойынша жүргізілмейді.
🔹Істерді кассациялық тәртіпте қарау мерзімі алты айдан аспайды.
🔹Жоғарғы Сот жоғары сот органы ретінде сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге баса назар аударатын болады.
🔹Жоғарғы Сот судьясының бастамасы бойынша сот актілерін қайта қарау, егер оларды сот практикасына қайшы келетін жергілікті және кассациялық соттар қабылдаған ерекше жағдайларда мүмкін болады.
🔹Мемлекет басшысының Жарлығымен мыналар тағайындалды:
✔️Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы – Смайылов Асқар Спартакұлы және 37 судья;
✔️Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы – Жұмағұлов Ақан Маратұлы және 20 судья;
✔️Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы – Нәжімиденов Берік Төлеутайұлы және 18 судья.
Сот әкімшілігі басшысының Өкімімен:
✔️Кассациялық соттар департаментінің басшысы болып Қожахметов Ержан Қайроллаұлы тағайындалды.
Астана қаласындағы кассациялық соттардың мекенжайлары:
✔️Азаматтық және қылмыстық істер бойынша – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 37;
✔️Әкімшілік істер бойынша – Астана қаласы, Төле би көшесі, 53.