Түркістан: Балық шаруашылығы өңір экономикасының тірегі

0
129

Түркістан облысы экономикалық көрсеткіштер бойынша еліміздегі көш бастаушы өңір. Бүгінгі таңда балық шаруашылығы – өңір экономикасында өзіндік орны, тұрмыстық шаруашылық, тарихи мән-мағынасы жоғалмаған ата кәсібімізді ғана емес, береке-байлығымыз боп отыр. Нақтырақ айтқанда, балық шаруашылығы бойынша республикада көш бастап тұрмыз.  Қазіргі таңда өңірде балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер саны артып келеді. Бүгінде жасанды жолмен балық өсіру саласы қарқынды дамуда. Респблика бойынша көш бастап тұр.  Балық шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.

Жауапты өкілдердің айтуынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес 2030 жылға дейін Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға, ал биыл 7467 тоннаға жеткізу жоспарланып отын.  Қазіргі уақытта, балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 245-ке жетіп, оның 164-і облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылған.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің  тапсырмасын іске асыру мақсатында 2025-2027 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту жоспары бекітіліп, 905 тонна балық өндірілді. Жоспарға сәйкес, биыл облыс аумағынан 16 балық өсіру шаруашылықтарын ашу көзделуде.

Сондай-ақ өңірде  экспортқа бағытталған 4 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл басынан бері 1069,5 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортталды. Бүгінде балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар қарастырылған. Атап айтқанда, облыстық бюджеттен акваөсіруді субсидиялау үшін 2025 жылға 500,0 млн теңге бөлініп, 4 мың 586 тонна балық азығы, 500 мың балық шабағы, 4 дана биологиялық ғылыми негіздемелер субсидияланды. Р

Республикалық бюджеттен инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялауға 120 млн. 500 мың теңге бөлініп, 3,2 млн. теңгесі игерілді.  Ал, «Ауыл аманаты» бағдарламасына республикалық бюджеттен 7,4 млрд. теңге және қайтарым қаражатынан 1,3 млрд. жоспарланған. Аталған бағдарламаның IV бағытына сәйкес, балық шаруашылығын дамыту көзделіп, 2025 жылға 71 жобаға 698 млн теңге қарастырылып жатыр.

Шардара ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Жақында  Шардара қаласындағы Шардара су қоймасында тұқы балығын спорттық аулаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.  Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген үздік спорттық балықшы командалар қатысты. Олар  өзара бақ сынасты. Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында әділ әрі тартысты ойын өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша І орын ды «GT» командасы, Астана қаласы иеленді. ІІ орынды  «JB» командасы, Түркістан облысы иеленсе, ІІІ орын –\ «Fishing Shym» командасы, Түркістан облысына бұйырды.  Облыста  бұл жарыстың маңыздылығы артқан. Өйткені  2029 жылы дәл осы Шардара су қоймасы тұқы балығын спорттық аулаудан Әлем чемпионатына ресми түрде таңдалып отыр. Бұл – Шардара өңірінің табиғи әлеуеті мен спорттық инфрақұрылымының халықаралық деңгейге сай екенін айқындайды.

Сайыс соңында жеңімпаз командалар 2026 жылы Македония Республикасында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Мұндай халықаралық және ұлттық деңгейдегі жарыстар – еліміздегі спорттық балық аулау мәдениетін дамытуға, экологиялық туризмді ілгерілетуге және өңірдің халықаралық имиджін арттыруға үлкен үлес қосатын болады.

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу