Заң және тәртіп: Білім беру саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Түркістан облысында білім беру жүйесінде заңдылық пен тәртіпті нығайту мақсатында білім ұйымдары басшыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті.
Селекторлық форматта өткен жиынға облыс әкімінің басшылығы, Облыстық білім басқармасының және қалалық/аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері селекторлық бейнебайланыс арқылы қатысты.
Жиын барысында білім саласының ел дамуы мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі ерекше екені айтылып, соған қарамастан, соңғы жылдары бұл салада жемқорлық тәуекелдері жиілегені назарға алынды.
Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Бұлан Маралұлы педагогтардың өздері парақорлыққа жол берген жағдайлар тіркеліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтар – жастар тәрбиелейтін ортада орын алуы өте өкінішті әрі ел болашағына кері әсер етеді.
Жиында заң талаптарын сақтау, ұжымдарда парасаттылық пен адалдық құндылықтарын дәріптеу, құқықтық мәдениетті арттыру жайы да қозғалды.
Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Айта кетсек, елімізде білім беру жүйесінің өркендеуі маңызды рөлге ие екенін, осы саладағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын-алуға ерекше назар аударылады, әйтсе де, соңғы жылдары білім беру саласы жемқорлық көріністерімен алдыңғы қатардан орын алуда.
Өкінішке орай, ұрпақ тәрбиелеп, адалдыққа жол сілтейтін тұлғалар тарапынан жемқорлық қылмыстарының орын алып отыр.