Түркістанда аса ауыр қылмыс жасаған жасөспірімге қатысты сот шешімі шықты

0
46

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпталған 2008 жылы туған жасөспірім С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) және 24-бабы 3-бөлігімен (қылмысқа оқталу) айыпталған. Тергеу материалдарына сәйкес, С. 2024 жылдың мамыр және шілде айларында көрші үйлердің кәмелетке толмаған екі баласын әжетхана шұңқырына тастап, біреуін өлтіріп, екіншісін өлтірмек болған.

Түркістан облыстық сотының
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тергеу органымен С. жас баланы өлтіру, жас баланы өлтіруге оқталу баптарымен айыпталған.

Сотпен анықталғаны:  жас баланы өлтіру дерегі бойынша.
С., 2024 жылдың 16 мамыр күні сағат 09:30 шамасында, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сіргелі ауылында, тұрғылықты мекенжайында орналасқан жер үйінің ауласында, әжетхана шұңқырына, көрші үйдің 2021 ж.т. жәбірленуші Л.-ны күштеп тастап, оны қасақана өлтірген.

 Жас баланы өлтіруге оқталу дерегі бойынша.
С. 2024 жылдың 13 шілде күні, сағат 20-00 шамасында, өзінің тұрғылықты мекенжайында орналасқан жер үйінің ауласында, әжетхана шұңқырына, басқа көрші үйдің 2019 ж.т. жәбірленуші М.-ді қасақана тастап өлтірмекші болған.
Алайда, С., қылмысын, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмаған.

Дәлелдемелер бөлігі:

Сот, 2024 жылдың тамыз айындағы кешенді сот-психиатриялық-психологиялық сараптамасының қорытындысына сай: С. «Шизофрения симптомдары қабаттасқан жіті полиморфты психоздық бұзылу» түріндегі созылмалы психикалық аурумен ауырады. Оқиға орын алған кезде С. психикалық ауру жағдайында болған, ол қылмыстық іс үшін маңызды болған іс-әрекеттерді дұрыс қабылдай алмаған және олар туралы көрсетулер бере алмайды, – деген тұжырымын назарға алып, қайталама сараптама тағайындаған.

Биылғы  жылы сотпен тағайындалған қосымша кешенді сараптамаға сәйкес, бірінші сараптама қорытындысы бойынша қорытынды өзгеріссіз қалған.
Сот, ҚК-нің 16-бабын яғни, психологиялық ауру кезінде қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайтынын ескеріп.
5 наурыз 2025 жылы сот қаулысымен:
С. қоғамға қауіпті іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасаған адам ретінде танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық станционарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу