Тұқымбақтағы көшеттер Түркістан облысындағы елді мекендерге егілуде

0
87

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде 2021-2027 жылдары республиканың орман алқаптарында 2 млрд. және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн ағаш көшеттерін отырғызу тапсырылған. Осыған байланысты Түркістан облысында орман қорына тиесілі 110 210 га алқапқа 170 млн көшет отырғызу бойынша кешенді жоспар бекітілді. Осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Отырар ауданында орманды молайту бойынша ауқымды жұмыстар атқырылып келеді. Мәселен, былтырғы жылдың күз айында «Отырар» орман шаруашылығында 8 мың 150 гектар жерге сексеуілдің екпелері отырғызылды. Оның ішінде 2 мың гектар жерге сексеуілдің көшеті егілсе, 6 150 гектар жерге сексеуіл тұқымы себілді. Бұл көшеттер арнайы тұқымбақта өсіріледі. Орманшылардың айтуынша, күзде себілген дәндердің шығымы жаман емес.

–Президенттің кешенді жоспарына сәйкес, «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде» 2021-2027 жылы 35 460 гектар аумаққа орман дақылдарын егу бекітіліп, іске асырылуда. Жалпы биыл 3 885 000 көшет егу жоспарланған, – деді Орманды қорғау және молайту инженері Бақ-Дәулет Таңатұлы.

Қазіргі таңда жерге сексеуіл тұқымын себу үшін жер айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 3500 гектар жер жыртылып, дайындалады деп жоспарланған. Жер айдау жұмыстарына мекемеден арнайы техника бөлінген. Күз айларында өңделген аумаққа 17 500 келі сексеуіл тұқымын себу жоспарланған. Биылғы жоспар бойынша алқапта сексеуіл тұқымын себу күз мезгілінің еншісінде. Соңғы 2021-2023 жылдары егілген орман екпелерінің орташа өнімділігі 65-75 пайызды құраған. Түркістан облысының орман қоры жерлерінде орташа көнімділік 50 пайыз екенін ескерер болсақ, бұл қанағаттанарлық көрсеткіш болып есептеледі.

Мәдени орман алқаптарын көнімділігін шығымдылығын 100 пайыз көрсеткішке жеткізу мақсатында қазіргі уақытта мекеменің жергілікті сексеуіл тұқымбағынан стандартты сексеуіл көшеттері босатылып, көлемі 3200 гектар мәдени орман алқабына дана сексеуіл көшеттерін отырғызып толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіндегі» тұқымбақта өсіріліген көшеттер Түркістан, Арыс қалалары мен Отырар аудандарын көшетпен қамтып жатыр.

10 гектар алқапты алып жатқан Қоғам ауылындағы тұрақты тұқымбақта қарағаш, өрік, үйеңкі, шаған, қылқан жапырақты, жиде секілді тағы басқа ағаштардың түрі өсірілуде. Тұқымбақты дамыту мақсатында биыл гүлді және сирек кездесетін сәндік ағаштарды өсіру көзделіп отыр.
Жалпы мекеме тұқымбағынан аудан, қала елді мекендерін көгалдандыру жұмыстарына өткен жылдың күз мезгілінде 117 820 түп ағаш-бұта көшеті босатылды. Биылғы жылдың көктем мезгілінде аудан-қалаларға көшеттер қазылып босатылуда.

Бұдан өзге, тұқымбақта тазалық шаралары қарқынды жүргізілуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында әр сенбі күндері сенбілік ұйымдастырылып, орманшылар тұқымбақ аумағында ретсіз өскен шөптерді жұлып, қураған талдарды бұталап, ағаш түптерін әктеп жатыр. Жалпы жыл сайын орманшылар тұқымбақты тазалап, жасыл желектерді көктем-күз айларында босатуға дайындайды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу