МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТКІЗДІ


Жиында Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын тиімді орындауға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасқа, ақпараттық және жастар саясатына, сондай-ақ басқа да түйткілдерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.


Сондай-ақ Ерлан Қарин Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, онда жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және реставрация жұмыстарымен танысты. Мемлекеттік кеңесші еліміздің ғана емес, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген бірегей нысанды сақтап қалудың маңызын атап өтті.