Түркістанда жаңа перзентхана салынады

0
56
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның келіссөздері аяқталған соң, екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті. Солардың бірі – Түркістанда перзентхана салу туралы келісім.
✔️Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхананың құрылысын салу және қаржыландыру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
✔️Сонымен қатар, құжат алмасу рәсімінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру жөніндегі келісімнің ратификацияланғаны жарияланды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу