Бәйдібекте 23 мыңнан аса көшет егілді

0
118
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, «Облыстағы елді мекендерді көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бойынша Бәйдібек ауданындағы елді мекендерге көктем айларында 23 300 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Бекітілген жоспарға сай Бәйдібек ауданы әкімінің бастамасымен аудандағы барлық елді мекендерде көктемгі көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудандағы «Түркістан-Сырдария мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нен Алмалы ауылдық округіне қарасты Жарықбас және Бәйдібек ата елді мекендеріне бөлінген 4500 түп арша, 4 500 түп туя книжный, 3 960 жеміс көшеті отырғызылды. Одан бөлек 10 ауылдық округтегі елді мекендердің кіреберіс және ішкі көше жолдарының бойына, мекеме аулаларына, саябақтарға 6140 сары өрік, 4200 қаратал егілді.
Егілген көшеттерді күтіп-баптаумен жауапты мекеме мен ауылдық округі әкімшіліктері жұмыс істейтін болады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу