
«Мұз сарайында» басталған шайбалы хоккей бәсекесіне 10 команда 136 спортшы қатысып, өзара шеберліктерін байқауда. Жарысқа қатысушы командалар қатарында Алматы қаласынан бес бірдей команда «Strizhi-2», «Tengri», «Alma-Ata», «Dinamo» «Dinamo-2» командалары бақтарын сынап жатса, Ташкент қаласынан «Humo», Петропавлдың «Qulager», Шымкент қаласының «Tornado», Бішкек қаласының «Alga», Өскеменнің «Torpedo» Түркістан облысының «Sarymaq» сынды құрамалары бар.