Түркістан өңірінде әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жаңа жобалар жүзеге асады

Осыдан 7 жыл бұрын Түркістан облысы жаңадан құрылған болатын. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты.
Түрсында қаласында түрлі нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті шаhарға айналды. Биыл Түркістан қаласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ерекше мәртебеге ие болды. Бүгінде Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары. Қазіргі таңда өңірде құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 230,3 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,1 пайызға артқан. Сонымен қатар 438,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Сәулеттік жобаларды талқылауға арналған кеңесте Түркістан қаласы мен аудандарда жүзеге асырылатын бірқатар жаңа нысандардың жобалары таныстырылды. Облыс әкімі инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлік бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін айтып, бірақ жер алған кәсіпкерлер құрылыс жұмыстарын дер кезінде бастауы керектігін жеткізді. Созбалаңға салуға жол берілмейтінін атап өтті.
Басқосуда мейрамхана, монша, көлік жуу бекеттері, Шардарадағы жағажайды абаттандыру, Балықты көлінің инфрақұрылымын дамыту, базарларды қайта құрылымдау және тағы басқа жобалар талқыланды. Жобалардың бірқатары қолдау тауып, бірқатарына толықтыру енгізу тапсырылып, тапсырмалар хаттамаға енгізілді. Айта кетсек, аталған бастамалар Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетін болады.