ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ РУХАНИ ОРТАЛЫҚТАРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

▪️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай бастаған ҚМДБ өкілдермен кездесті. Басқосуда өңірдегі рухани саладағы мәселелер талқыланды.
▪️Кездесу барысында Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан рухани-тарихи нысандар сөз етілді. Бұл нысандардың өңірдің руханияты мен туризм әлеуетіне оң әсер ететіні айтылды.
📌– Түркістан рухани астана болғандықтан біздің қаламызға көңіл бөліп отырғандарыңызға алғыс айтамын. Руханият саласындағы бастамаларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Еліміздің руханиятын дәріптеуде бірлесе жұмыс атқарайық, – деді Ертай Кенжебекұлы.
▪️Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.






