ТАЗАРУ КҮНІ: ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

✔️Түркістан облысында Наурызнаманың ең соңғы күні – Тазару күні атап өтілді. Бұл күн тек қоршаған ортаны тазарту ғана емес, рухани тазалықты да дәріптейтін мейрам.
✔️Бүгін, облыс көлемінде қарқынды атқарылып жатқан тазалық шарасына Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 7 орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері қатысып, аудан, қаладағы орман алқаптары мен табиғи саябақтардың аумақтарын тазалады.
✔️Экологиялық шараға 200-ден аса адам белсенділік танытып, 300 түп ағаш көшеті отырғызылды. Сондай-ақ көше бойлары мен арық-атыздар тазаланды. Тазалық жұмыстары барысында 5 тонна қоқыс шығарылып, оған 11 техника жұмылдырылды.
✔️Бұдан бөлек, орман шаруашылығы мекемелерінде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды жүргізіліп жатыр.