ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЛАМАН АЙТЫСТА ШҰҒАЙЫП СЕЗІМХАН БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

0
69

Түркістанда «Тұран дала, әз Түркістан» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Ұлыстың ұлы күнінде Түркістан қаласының ерекше мәртебе алу құрметіне орай өткен аламанға еліміздің түкпір-түкпірінен 14 айтыскер қатысты. Нәтижесінде бас жүлдені  Шұғайып Сезімхан (1 500 000 теңге) иеленді.  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеңімпазды құттықтап, жүлдесін табыстады.

✔️Аламанды айтыскер ақын, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Аманжол Әлтай жүргізді.

  

✔️Әділ қазылар алқасының құрамында ақын, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының» басқарма төрағасы, «Отан» орденінің иегері Жүрсін Ерман және  айтыстың мықтылары бар.

✔️Жүлделі І орын Дәурен Ақсақаловқа, ІІ орын Нұрбек Бәкірге бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынды үш бірдей ақын иеленді. Олардың қатарында Әсел Ережеқызы, Мұхтар Ниязов және Зылиха Наурызалина бар. Өзге де қатысушыларға арнайы жүлделер мен  қаржылай сыйлықтар табысталды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу