Президент Жолдауын іске асыру: Түркістан облысында қуаты 72 МВт болатын су электр станцияларының каскады бар су құбыры салынады

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «South Hydro Power» ЖШС Түркістан облысында бірнеше елді мекенді сумен қамтамасыз ететін топтық су құбырын және оған байланысты су электр станцияларының каскадын салу жөніндегі келісімге қол қойды.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Түркістан облысының Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы 1 миллионнан астам тұрғын сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Ал гидроэлектростанциялар каскады жылына 72 МВт көлемінде «жасыл» электр энергиясын өндіру есебінен өңірдің энергия тапшылығын төмендетуге ықпал етеді.
Келісімде нысанды тиімді пайдалану үшін қажетті су тұтыну көлемі белгіленіп, жобаның инвестициялық кезеңі мен пайдалану мерзімдері айқындалған. Сонымен қатар ұзындығы 54,7 шақырым болатын магистральдық су құбырын кейіннен мемлекет меншігіне өтеусіз беру көзделген.
Салынуы жоспарланған топтық су құбыры мен су электр станцияларының каскады Қазақстан Республикасының стратегиялық су нысандары тізіміне енгізілген. Құрылыс барысында отандық өнімдердің үлесі 90 пайызды құрайды.
– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.






