ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕМШӨП ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ЕЛІМІЗДЕ КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысында алдағы қысқы кезеңге жемшөп дайындау науқаны қызу жүруде. Бүгінгі таңда еліміз бойынша жоспарланған көлемнің 80%-ы, яғни 33,1 млн тонна жемшөп әзірленді. Жемшөп дайындау көлемі бойынша Түркістан облысы 5,02 млн тонна көрсеткішпен республикада көш бастап тұр. Еліміздегі өзге өңірлер арасында Жамбыл облысы – 3,25 млн тонна, Алматы облысы – 3,11 млн тонна, Батыс Қазақстан облысы – 2,58 млн тонна және Солтүстік Қазақстан облысы – 2,43 млн тонна жемшөп әзірлеген.
Қазіргі уақытта республика бойынша барлығы 25,3 млн тонна шөп, 2,5 млн тонна сабан, 2,3 млн тонна пішендеме, 1,6 млн тонна құнарландырылған жем және 1,4 млн тонна сүрлем жиналған. Түркістан облысында мал шаруашылығына қажетті азық қорымен толық қамтамасыз ету және жемшөп дайындау науқанын сапалы аяқтау бағытындағы жұмыстар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тұрақты бақылауында.






