Келестік шаруалар балық өсіруге ден қойды

0
50
Келес ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауданның климаттық жағдайы балық шаруашылығына қолайлы. Бүгінде тұрғындар жаңа технологияларды қолдану арқылы балық өсіру саласында белсенділік танытуда. Ақтөбе ауылдық округіндегі «Бозсу» шаруақожалығы 4,8 гектар аумаққа балық өсіріп, дайын өнімді ішкі нарыққа шығарып жатыр.
📌— Бүгінде балықтың аққайран және сазан түрін өсірудеміз. Шабақты Өзбекстаннан және көрші Сарыағаш ауданынан алдық. Жалпы 1 млн дана балық уылдырығын тастадық. Балық салмағы 150 грамм болғанда шаруаларға саудаладық,– деді шаруақожалық басшысы.
✔️Айта кетейік, Келес ауданында балық өсірумен айналысатын кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтар қатары артып, бұл жергілікті экономиканың дамуында маңызды рөл атқаруда. Оған қоса, жергілікті су айдындарында биологиялық теңгерімді сақтау үшін арнайы шаралар қолға алынған. Алдағы уақытта Келес ауданында балық шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында инвестициялар тартылып, заманауи технологияларды қолдану көзделуде.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу