Түркістан облысында ауыл инфрақұрылымы мен бұқаралық спорт дамуы жалғасуда

0
10

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салауатты өмір салтын насихаттау және халықты бұқаралық спортқа тарту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осы бағытта Сарыағаш ауданына қарасты Таскескен елді мекенінде заманауи талаптарға сай жабдықталған кіші футбол және workout алаңшасы пайдалануға берілді. Жаңа спорт нысаны ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануына, бос уақытын тиімді өткізуіне және бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, жергілікті тұрғындарды жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысып, игі бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Жоба аудандық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылып, құрылыс жұмыстары «AIN Development» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды. Нысан толықтай заманауи спорттық жабдықтармен қамтылып, жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына қолайлы жағдай жасалған.

Жалпы Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Өңірде халықтың өмір сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, ауылдық елді мекендерді дамыту және бұқаралық спортты қолдау бойынша ауқымды жобалар іске асырылып келеді. Бұл бастамалар ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік тұрақтылығы мен даму динамикасына да оң әсерін тигізуде.

Түркістан облысы алдағы уақытта да елді мекендерде әлеуметтік нысандар санын арттыру, спорт инфрақұрылымын кеңейту және салауатты қоғам қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу