САУРАН АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

0
54

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, жаңадан іске қосылған балық шаруашылығы жобаларының жұмысымен танысты. Ауылдағы кәсіпкерлік бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етуде.
Ауданда екі ірі жоба жүзеге асырылған. Біріншісі – 1,2 гектар аумақта орналасқан балық өсіру кешені іске қосылып, алғашқы өнім алынған. Онда 2 миллион уылдырық салынып, 500 мың шабақ өсіру жоспарланған. Қазіргі таңда сазан балықтары Түркістан мен Кентау қалаларына сатылуда.
Екінші жоба аясында 3 тоғанда бекіре және сазан өсіріліп, алғашқы өнім нарыққа шығарылған. Алдағы уақытта жылына 20 тоннаға дейін балық өсіру көзделіп отыр. Екі жоба бойынша жалпы 5 тұрақты жұмыс орны ашылған. Аудан басшысы балық шаруашылығын дамыту – ауыл экономикасын әртараптандыруға, тұрғындардың табысын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды бағыт екенін атап өтті.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу