ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

0
46
Түркістан қаласы аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3,0 шақырым учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
🔰Жоба аясында ескі асфальт жабындысы толықтай алынып, оның орнына заманауи талаптарға сәйкес қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселуде.
🔰Қазіргі уақытта нысанның екі бағыттағы жүріс жолағында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ендігі кезекте жол белгілерін сызу жұмыстары жүргізілетін болады.
🔰Жоба толық сәуір айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші мен техникалық қадағалаушы ұйымдар тарапынан тұрақты бақылауда.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу