ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ӨНДІРІСТІК ПАРКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
31
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданында индустриялық әлеуетті арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында өндірістік парктың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
🔰Жоба аясында жалпы аумағы 2 гектар жер телімі бөлініп, өндірістік мақсаттағы 5 ангардың құрылысы қолға алынған. Құрылыс жұмыстарын «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізуде.
Өткен аптаның соңында аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков нысанға арнайы барып, құрылыс барысымен толық танысты. Жұмыс сапасы мен қарқынын бақылауға алды. Оның айтуынша, барлық құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
🔰Қазіргі таңда өндірістік парктегі 5 ангардың 2-еуінде жабын жұмыстарын жүргізу кезеңі басталған. Жобаны 2026 жылдың 1 мамырына дейін толық аяқтау жоспарланған. Белгіленген мерзімде өндірістік парктің инженерлік инфрақұрылымы мен барлық құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға беріледі күтілуде.
🔰Өндірістік парктің аумағында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру көзделген. Атап айтқанда, «EL KZ-2020» ЖШС-ның су мұнараларына арналған құбырлар өндіру зауыты, «BSS Express» ЖШС-ның термопанельдер, кафель және бетон бұйымдарын шығаратын өндіріс орны, «Нұрғазы» ЖК-ның көкөніс пен ет өнімдерін сақтауға арналған заманауи тоңазытқыш кешені, «Жайлимшиева Сәуле» ЖК-ның мұзқант (набат) өндіру цехы және «Данияр» ЖК-ның полиэтилен қапшықтарын өндіретін цехтары іске асатын болады.
🔰Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында тиісті меморандумдар түзілген.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу