ТҮРКІСТАН: АРДАГЕРЛЕР «ВАЛЬС КОРОЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ

0
69
Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік бағдарлама Түркістан музыкалық драма театрында жалғасты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің аға буын өкілдерімен бірге «Вальс королі» қойылымын тамашалады.
🔰Театрдағы жүздесу барысында ардагерлерге мәдени тынығуға мүмкіндік жасалып, мерекелік көңіл күй сыйланды. Өнер ордасында бас қосқан аға буын өкілдері қойылымды тамашалап, театр ұжымының шығармашылығына ризашылығын білдірді.
🔰Қойылымнан кейін облыс әкімі мен ардагерлер келесі іс-шара өтетін орынға қоғамдық автобуспен бірге барды. Жол бойында Нұралхан Көшеров аға буын өкілдерімен еркін әңгімелесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
⚜️Қариялар Түркістанның бүгінгі тынысы, қаланың дамуы және ел өміріндегі өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісті.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу