ТҮРКІСТАН: БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ САЙРАМДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

0
71
Шымкент төрінде 14-17 ақпан аралығында бокстан «Еламан» спорт клубының республикалық ашық біріншілігі өтті. Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және Өзбекстан Республикасынан 300-ге жуық жас былғары қолғап шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Дүбірлі додада Сайрам ауданының намысын қорғаған жас талантымыз Пернебек Асылбек 49 кг салмақта барлық қарсыластарын қапы қалдырып, алтын тұғырдан көрінді!
Сондай-ақ тартысты өткен финалда Көмекбай Нұрбол 52 кг салмақта күміс жүлдегер атанса, шаршы алаңда аянбай тер төккен Елемес Азамат (44 кг), Пернебек Қуатбек (32 кг), Тілеуқабыл Иманғали (48 кг), Лесбек Бекзат (43 кг), Қожамжар Дулат (50 кг), Илият Райымбек (61 кг) және Әсетбай Нұрислам (40 кг) сынды спортшыларымыз қола жүлдені қанжығасына байлады.
Бұл жеңістер – жас өрендерді баптап, үлкен спортқа бағыт беріп жүрген білікті жаттықтырушылар Нүркен Сыздықов пен Алымжан Мирзакуловтың тынымсыз еңбегінің жемісі.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу