ТҮРКІСТАН: 15 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ІШІНЕН 1 КЕЛІ ШАШ ШЫҚТЫ

Түркістан қалалық балалар ауруханасында медицина тәжірибесінде сирек кездесетін әрі аса күрделі ота сәтті жүргізілді. Он бес жастағы қыз бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында асқазан қуысында ірі көлемді бөгде зат анықталған. Дәрігерлер шұғыл шешім қабылдап, күрделі хирургиялық ота жасады. Нәтижесінде науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйіні алынды.






