Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жалдамалы пәтерлер берілуде

0
77

Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамтамасыз ету әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі болып отыр. Осы мақсатта жалдамалы тұрғын үй бөлу жұмыстары бекітілген талаптар мен кезек тәртібіне сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде.

Жыл басынан бері қала аумағында барлығы 235 пәтер бөлініп, оның 187-сі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Бұл шара баспанаға мұқтаж тұрғындарды әлеуметтік қолдауға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Жалдамалы тұрғын үйді бөлу процесі ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделіп, кезекте тұрған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға басымдық берілуде.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу