Заң мен тәртіп: Түркістан облысында тазалық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 20 169 хаттама толтырылып, айыппұл салынды

0
59

Президент Қасым-Жомапрт Тоқаев  өз сөзінде: Біз өз елімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Мейлі ол көше, аула немесе үйлердің кіреберісі болсын, бәріне ұқыпты қарауымыз қажет. Вандалдармен табанды түрде күресу керек. Сондай-ақ олардың заң жүзінде қатаң жазаланатынын айттым. ӘР нәрсенің шегі бар. Әйтпесе, бәрін бүлдіріп алып, кейіннен кешірім сұрайды. Елімізде тәртіп болуы керек. Заңды сақтау қажет,  – деген болатын.

Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, кейінгі жылдары елімізде барлық салада ауқымды реформалар жасалып жатыр. Мемлекеттің саяси жүйесі мен эко­­номикалық құрылымы түбе­гейлі жаң­ғыруда. Ел ішінде жоғары құқық­тық мәдениет қалыптасып келеді. Аза­ма­т­тық жауапкершілік идеологиясы берік орныға бастады. Бұл – біздің стратегиялық бағдарымызға тән аса маңыз­ды басымдық. Мемлекет құқық қорғау жү­йесін жетілдіруге және барлық сала­да заң мен тәртіп орнатуға баса мән береді. Осы бағытта өңірде нақты жұмыстар жүзеге асырылып,  нәтижеге қол жеткіз­іп отырмыз.

Президент айқтан маңызды міндеттің бірі – отбасылық зорлық-зомбылық­пен күрес және әйелдер мен бала­лар­ды қорғау. Осы бағытта заңнамалық, инс­титуционалдық тұрғы­дан батыл қадамдар жасалып жатыр. Отбасылық зорлық-зомбылық жасағаны үшін берілетін жаза едәуір күшейтілді. Бір жыл бұрын тиісті заң қабылданды. Заңға енгізілген түзетулер мен басқа да шаралар Түркістан облысында  нақты  нәтиже бере бастады.

Мемлекет басшысы айтиқандай, әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру керек. Бұл – барша азаматтың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғаудың мызғымас тірегі. Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырып, құқық қорғау жүйесін жетілдіру қажет. Бұл – ауқымы кең маңызды міндет. Осы орайда Президент аталған бағыттағы жұмыстың негізгі басымдықтарына тоқталып өткен болатын. Осы бағытта өңірде жұмыстар жүйелі атқарылуда.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өскелең ұрпақтың бойына жасампаздық қасиеттерді сіңіріп, оларды тәртіпке баулу қажет. «Заң және тәртіп» қағидаты жауап­кершілікті сезіну мәдениетімен тығыз байланысты. Осы орайда Президент  елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны жүргізу туралы тапсырма берген болатын.  Осы орайда Түркістан облысында заң мен тәртіп қатаң жүргізілуде. Сонымен қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,   «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының орындалуы тұрақты бақылауда. Аталған бағдарлама аясындағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен сараланды. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, есеп берді.

Өңірге қарасты елді мекендерде 173 тазалық іс-шарасы өтті. Соның нәтижесінде, 58 028 тұрғын қатысып, 173 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы бағдарлама аясында бекітілген жоспарлардың орындалуы тұрақты қадағаланып жатыр. «Таза Қазақстан» ұлттық жобасын қолдау мақсатында Түркістан облысының танымал спортшылары мен спорт саласының өкілдері белсенділік танытып, өз үлестерін қосуда. Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов, Шардара қаласының армрестлинг шеберлері, сондай-ақ Сағындық Тоғамбай, Ұлжан Сәрсенбек, Дидар Хамза сынды танымал спортшылар аталған бастаманы қолдауда.

Жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Jas Turkistan» волонтерлік ассоциациясы құрылды. Оған өңірдегі ерікті ұйымдар мен бастамашыл топтар біріктірілді. Бүгінгі таңда бұл құрылым аясында еріктілер 6 негізгі бағыт бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. Бүгінгі күнге дейін облыс көлемінде 253 сенбілік, 17 семинар-тренинг, 29 экоплогинг, 1000-нан астам экологиялық үнпарақ таратылып (брошюра), 23 спорттық жарыс, 9 экологиялық челлендж және 7 эко-марафон ұйымдастырылды.

Бүгінгі күнге, «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 2928 өтінім түскен, оның ішінде, 2920-ы орындалған. Ал  8 өтінім орындалу барысында. Тәртіпті сақтау мақсатында биыл қоғамдық орындарда санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 20 169 хаттама толтырылған. Жалпы 455 млн. теңге айыппұл салынып отыр.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында да тазалық шаралары қарқынды өткізілуде. Президент сөзінің басында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттігін атап өтті. Ол өз сөзінде: Құқық қорғау жүйесіндегі барлық жауапты құрылымдар жұмыла жұмыс істеуі қажет. Елімізде «Заң мен тәртіптің» қатаң сақталуына қоғам өкілдерінің қосар үлесі де орасан зор. Қазір осы жиынға орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары, депутаттар, сарапшылар және белсенді азаматтар қатысып отыр. Күштік құрылымдарды жаңғырту ісінде жаңа буынның атқаратын рөлі ерекше. Сол себепті, бүгінгі басқосуға академиялардың курсанттары да арнайы шақырылды. Трансұлттық қылмыстық топтармен күресу үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту өте маңызды. Осы жерде бүгін шетелдік полиция атташелері отыр. Құқық қорғау органдарымен жүргізіп жатқан халықаралық ынтымақтастық жұмысы үшін Сіздерге ерекше ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу