ТҮРКІСТАНДА СПОРТТЫҚ КИІМДЕР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
61
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвестормен кездесті. Кездесу барысында әлемге танымал спорттық киімдер өндіруші компанияның Түркістан облысында өндіріс орнын ашу жоспарлары талқыланды.
▪️Компания өкілі өңірдің инвестициялық әлеуетіне қызығушылық танытып, мақта шаруашылығы дамығанынан хабардар екенін жеткізді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Түркістан қаласында спорттық киім тігетін зауыт ашуға ниетті екенін айтты.
▪️Кездесу барысында қонақтарға Түркістан облысының индустриалды мүмкіндіктері таныстырылды. Атап айтқанда, индустриалды аймақтардың инфрақұрылымы, логистикалық артықшылықтары, жұмыс күші және инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
▪️Нұралхан Көшеров шетелдік және отандық инвесторлар үшін Түркістан облысында өндіріс ашуға барлық жағдай жасалғанын айтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
▪️Тараптар алдағы уақытта нақты ұсыныстарды қарастырып, өзара ынтымақтастықты нығайту бағытында келіссөзді жалғастыруға уағдаласты.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу