ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2025 ЖЫЛЫ 41 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысында халықты табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінде облыс аумағында жаңа газ құбырлары жүргізіліп, елді мекендерге «көгілдір отын» жеткізілуде. Аймақты газдандыру – өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуге бағытталған маңызды қадам. Жобалар аясында облыстың шалғай елді мекендеріне дейін табиғи газ жеткізіліп, инфрақұрылымдық желілер кезең-кезеңімен салынып жатыр.
Осы мақсатта 2025 жылы 87 нысанның құрылысы қолға алынды. Соның ішінде 45 жобаның құрылысы аяқталса, қалған 42 жобаны биыл аяқтау жоспарланған. Жыл қорытындысымен 70 мың халқы бар 41 елді табиғи газбен қамтылды. Нәтижесінде облыста газдандыру деңгейі 606 елді мекенге жетіп, 75,1 пайызды құрады. 1,9 млн халық «көгілдір отынмен» қамтылып, қамту деңгейі 88,9 пайызға жетті.
Созақ ауданындағы автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы толық аяқталып, газға қосылды. Бұл қыс мезгілінде магистральді газ құбырын өшірмей, кез келген уақытта газ алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Еврохим магистральді газ құбырында тазалау, құбыр бойындағы крандарды тексеру, қысымдаудан өткізу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігімен газ құбырын қосу бойынша арнайы жол картасы бекітілді.
Одан бөлек, Сайрам ауданындағы Құтарыс және Қызылжар елді мекендерін газға қосу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқталып, газға қосылды.
Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.






