ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ніңұйымдастыруымен «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында облыстағы әр саланың кіл мықтылары анықталып, «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауының марапаттау кеші өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысыныңміндетін атқарушы Болат Жанәбіл құттықтау сөз сөйлеп, жастардың жетістіктері мен олардың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады.
«Үздік жас оқушы» аталымы бойынша түлкібастық Нұрислам Нұрланұлына, «Үздік жас әнші» атанған түркістандық Ақгүлім Қайырбекқызына, «Үздік жас жұмысшы маман» аталымы бойынша Камила Рустемқызы марапатталса, «Үздік жас волонтер» номинациясын түркістандық Асылзат Батырбекқызы иеменденді. Сол секілді «Үздік жас блогер» номинациясы түркістандық Бақдаулет Ерланұлына бұйырды. Бұдан бөлек «Үздік жас тілші» аталымы бойынша түркістандық Қымбат Мұнсызбайқызы және Жұлдыз Батырбекқызы иеленді. Сонымен қатар, «Үздік жас отбасы» номинациясын сарыағаштықӘуезхановтар отбасы алса, «Үздік жас ІТ маман» болып сарыағаштық Низамаиддин Курванжанович лайық деп танылды. «Үздік шығармашылық ұжым» номинациясы «OzgeEpic CreativeHub» ұжымына бұйырды. Сондай-ақ «Үздік жас студент» аталымы бойынша жетісайлық Әдемі Муханқызы иемденді. Жастар сыйлығына әр аталым бойынша қаржылай сыйлық тағайындалды.






