ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ САРАЛАНДЫ

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, дін қызметкерлері, аудан және қала әкімдері, Полиция департаментінің өкілдері мен белсенді жастармен кездесті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары кеңінен сараланып, ондағы тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жолдауда көтерілген бастамалардың ел дамуына, цифрлық трансформация мен адами капиталды дамытуға, жастарды қолдауға және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Кездесуде қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Түркістан жұртшылығы Жолдаудағы стратегиялық міндеттерді іске асыруға белсене атсалысуға дайын екенін жеткізді.






