ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ КӨГАЛДАНДЫРУ, ОРМАН ҚОРЫН МОЛАЙТУ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жұмыс жоспарына сәйкес облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлеповпен кездесті. Жиын барысында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сараланды.
🖇️Кездесу барысында орман қорын ұлғайту, көгалдандыру жұмыстарын тиімді жүргізу және балық шаруашылығын дамыту мәселелері қозғалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш егу жөніндегі тапсырмасының өңірдегі орындалу барысы да талқыланды.
📎Мәслихат төрағасы алдағы кезеңде жасыл желекті көбейту мен орман қорын молайту және балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыру керектігін айтты.






